Перизат Қайраттың ісін тергеу барысында келтірілген шығын 3,5 млрд теңге сомасында анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. — Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі кезде материалдармен таныстыру процесі жүріп жатыр. Естеріңізде болса, қылмыстық істі тергеу барысында келтірілген шығын бойынша әртүрлі сома айтылған еді. Қазір 3,5 млрл теңге сомасындағы шығын анықталды, — деді Ж. Елемесов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, П. Қайраттың тәркіленген мүлкі бойынша соңғы шешімді сот шығарады. Бұл мүлік зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеуге немесе мемлекеттің меншігіне өтеді. Сонымен қатар Ж. Елемесов аталған іс бойынша күдікке Перизаттың анасы да іліккенін нақтылады. […]The post Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар
