26 мамырда СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеменің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бұл қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылып, үйқамаққа алынды.