Петропавлда жетім балаларға, жесір әйелдер мен көпбалалы отбасыларға арнап салынған жаңа үйлердің қабырғалары сөгіліп, жарылып жатыр. Осы үйлердің тұрғындарының бірі Зарина Пивняктың айтуынша, ол бұл үйге кіру үшін 15 жыл кезекте тұрған. Алайда көптен күткен баспананың қуанышы ұзаққа созылмапты. Көшіп келгеннен кейін көп ұзамай пәтердің қабырғаларында жарықтар пайда болып, сылағы түсе бастаған. Терезелердегі әйнектер бірінен соң бірі жарылып жатқан көрінеді. “Біз үй құлап қалады немесе кіреберістен пәтерлерге дейін үлкен жарық пайда болады деп қорқамыз. Үйдің іші дымқыл тартып кетті, жиһаздар мен еден жақтаулары шіріп, көгеріп жатыр. Өткен жылы әкім келген, біз оған жөнделуі керек ақаулардың тізімін бердік. Ол тізімді алып […]

Петропавлда жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға арналған жаңа үйлер құлау үстінде
Жаңалықтар

























