2023 жылдың 15 ақпанында Петропавлдың мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлады Петропавл сотының баспасөз қызметі. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа жайттары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Айта кетейік, 13 ақпанда Петропавл қаласында 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып барған. Облыс орталығындағы №4 мектепте