Петропавлда мектепке балта және пышақ әкелген жасөспірімнің шабуылынан зардап шеккен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдемнің фельдшері жазалануы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні сағат 7:55-те «103» пультіне Н.Назарбаев көшесіндегі №4 мектептен шақырту түскен. Телефон шалған адам балалардың басынан жарақат алғанын хабарлаған. Жедел жәрдем бригадасы 4 минутта