Петропавлдық егіздер Павел мен Александр Ляшенко 12 жылдан бері ораза ұстап жүр. Жігіттер биыл да жылдағы дәстүрге сай ауыз бекітті. Енді егіздер Ислам дінін қабылдамақ ниетте. Жұбы жазылмайтын бауырлар бір ұжымда жұмыс істейді. Спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта еркін күрестен бала жаттықтырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Павел мен Александр М.Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дүниеге