Алматыға жеткізілген 46 мың 800 доза пфайзер вакцинасы қаладағы 20 медициналық мекемеге таратылып жатыр. Екпе минус 60-тан минус 90 градусқа дейінгі температурада сақталады. АҚШ препараты алдымен 12 мен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.