Тіл – қарым-қатынас құралы. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деп бекер айтылмаса керек. Тіл арқылы адам өзге елдің мәдениетімен, дәстүрімен танысады, осылайша өзінің таным көкжиегін арттырады. Бірнеше тілді меңгерген азаматтың білімі де, өмірге деген көзқарасы да терең болады.