Полицейлер Ертіс өзенінің жағалауында қалып қойған жасөспірімдерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ақтоғай ауылының жағажай аумағын патрульдеу кезінде аудандық полиция қызметкерлері Ертіс өзенінің басқа жағалауынан көмек сұраған екі кәмелетке толмаған баланы байқаған.