38 жастағы Өзбекстан азаматынан учаскелік полиция қызметкері ақша сұраған. Кейін ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген. Бұл туралы Өзбекстан азаматының өзі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Оның айтуынша, оны 6 қошқар мен 200 мың теңгеге айырбастаған. 10 жылдан бері Қазақстанды тұрамын. Төлқұжаттарымды жоғалтып алғанмын. Бірақ осы Жетісу облысындағы Үштөбе қалалық полциия қызметкерлері менен 100 мың теңге талап етті.