Полиция қызметкерлері әнші Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты. «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажет сараптамалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады. Қылмыстық істі