Атырауда Ресей нөмірі бар автокөлік жолаушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзғаны көрсетілген видео желіге тарады. Видео Instagram-дағы @atyrauoil.official парақшасына жарияланды. Онда Kia Sorento көлігінің екі жолаушысы жол ережесін бұзғаны көрінеді. Олар көлікті басқарып келе жатып, алкогольдік ішімдікке ұқсайтын сусын ішіп, көліктің терезесінен жартылай шығып отырады. Сусынды екі ер адамның бір-біріне беріп жатқаны да көрінеді. Посмотреть эту публикацию