Енді пойыздардағы үстіңгі орындар төменгілерге қарағанда 20%-ке арзан болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Пилот режимінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жүретін коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына сараланған тәсілді енгізеді. Үстіңгі және төменгі орындар арасындағы тариф айырмашылығы 20% болады делінген хабарламада.