Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «БАҚ өкілдері Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты сауалдарын жолдап жатыр. Биыл 9 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр» деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар Президент 6 мамырда Отан …