Нұрболат Мағзұмов Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ержан Сейітқұлов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Президент Әкімшілігіндегі ауыс-түйіс Мемлекет басшысы Ержан Сейітқұловты Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босату және оның орнына Нұрболат Мағзұмовты тағайындау туралы өкімге қол қойған. Алайда Ержан Сейткуловтың қызметінен босатылу себептері …