Президент Жамбыл облысында қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың өлімі себептерін анықтауды тапсырды деп жазды turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың өліміне байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. «Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. …