Жақында әлеуметтік желілерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің қажеттілігі туралы пікірталас басталды. Көпшілік НЗМ-нің 74 млрд теңге бюджетіне наразы болып, оның орнына Қазақстан бойынша мектептер салынып, барлық оқушыға жағдай жасалуы керек деген пікір айтылды. Қоғам белсендісі Азиза Шужеева НЗМ-ді жабу мәселені шешпейді деген пікірде. Мәселенің түп төркіні НЗМ-де емес, елдегі сыбайлас жемқорлық пен үкіметтің болжамсыздығынан. Өз ойын