Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуінде елде қант бағасының өсуі мәселесіне де тоқталды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің айтуынша, Қазақстандағы 4 қант зауытының екеуі Жетісуда орналасқан. Оның біреуі – Ақсу қант зауыты жұмыс істемей тұр. Зауытты іске қосуға 2017 жылдан бастап облыстық бюджеттен 12 миллиард теңге жұмсалды. Алайда, серіктес инвестор тарапынан серпінді жұмыс