Мемлекет басшысы Түркістан облысы халқымен кездесуінде өңірдегі демографиялық өсім туралы айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Түркістан облысы – еліміздегі халық ең тығыз қоныстанған аймақ. Мұнда 2 миллионнан астам адам тұрады. Президент әлеуметтік саладағы бастамалар әр азаматтың тұрмысына өзгеріс әкелетінін айтты. Облыста апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептер әлі де бар. Мемлекет бұл мәселені шешуге