Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысындағы жұртшылықпен кездесуінде ұлттық мәдениетті шетелде танытып жүрген өңір азаматтары туралы айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің айтуынша, елдің күші адамдарда, олардың қайратында, білімінде және патриоттығында жатыр. Сондықтан адамгершілік мемлекеттік саясаттың негізгі өлшеміне айналды. Мемлекет басшысы қарапайым халықтың мүддесіне, елдің әлемдік ауқымда тартымды жаңа келбетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек екенін айтты.