Президент және парламент сайлауларына шамамен 45 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz. Татьяна Савальева негізі елдегі президент сайлауы 2024 жылға жоспарланғанын айтты. Оған кететін шығын сол жылдың бюджетіне де енгізілген еді. Президент сайлауы биыл өтетіндіктен оған қаржы үкімет резервінен бөлінетін болды. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы екі сайлаудың