Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. «Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты