Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметкері Абзал Тильмагамбетов және оның кәсіпкер көршісі 8 жылға абақтыға қамалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Ақтөбе прокуратурасы бюджет қаржысынан бөлінген 272 миллион теңгенің талан-тараж болғанын анықтады. “Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абзал Тильмагамбетов “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бабы бойынша сотқа тартылды. Лауазымды қызметкер жол белгілерін салу бойынша орындалмаған істі қабылдады деп айыпталды. Сотта Ақтөбеге президент келер алдында дайындық жасауға қатысты жиналыс болғаны айтылды. Президент жүретін көшелерде жол белгілерін салу бойынша тапсырмалар болған. 2023 жылдың сәуір айында жол белгілерін салуға қатысты ашық конкурс қорытындысы […]The post «Президент келерде ғана жол белгісін салған»: Прокурор Ақтөбе әкімдігінің қызметкерін 8 жылға соттауды сұрады appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

«Президент келерде ғана жол белгісін салған»: Прокурор Ақтөбе әкімдігінің қызметкерін 8 жылға соттауды сұрады
Жаңалықтар































