Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады. Министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді. Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытынайрықша назарда ұстауды тапсырды.