Мемлекет басшысы қазір Павлодар облысында ісссапарда жүр. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуде өңірдегі суармалы жер алқабы мен таза ауыз су мәселесін қозғады. Павлодар өңірі үшін Ертістің орасан зор маңызы бар. Бұл өзен – осы өлкенің тұрғындары, кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы үшін негізгі тіршілік көзі. Кейінгі 3 жылда облыста суармалы жердің