Президент Сауд Арабиясының іскер топтар өкілдерімен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің келешек экономикалық дамуға деген көзқарасы ұқсас екенін айтты. Saudi Vision-2030 бағдарламасы мен біздің «Қазақстан-2050» стратегиясы экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті төмендету, адами капиталға инвестиция салу, түптеп келгенде, жоғары дамыған елдердің қатарына кіру арқылы ұлттық дамуға қол жеткізуді