«Арселор Миттал Теміртауда» кенеттен газ шығып, бес адамның өмірін қиды. Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, деп жазылған жеделхатта.