Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянды Ақордада салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Ресми рәсім барысында екі ел басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.