Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді, делінген хабарламада. Кездесуде халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды. Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ