Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 14-15 қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық туралы мәлімет берілді. Парламент Сенатының төрағасы, Съезд хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев дінаралық форумға 50-ден аса елден 100-ден астам делегация келетінін айтты. Бұл жиынға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы