Астанадағы Ұлттық пантеонды пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілмек. Елордадан 17 шақырым қашықтықта орналасқан пантеонда жерлеу тәртібін ретке келтіру үшін құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. “Ашық НҚА” порталында жарияланған Үкімет қаулысына сүйенсек, бұған дейінгі құжат тізіміндегі “ҚР президенттерінің отбасыларының мүшелері” деген тармақ алынып тасталған. Отбасы мүшелері Ережелердің 5-тармағында Пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлері айқындалуына орай алып