Ол Конституциялық заң болып есептеледі. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенатта «Прокуратура туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Заң жобасы ҚР Конституциясының 83-бабын іске асыру және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты прокуратураның құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайтады.