Прокурор сотта журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы журналистің Telegram-дағы Abzhan News арнасы хабарлады. Ал оның адвокаты Гүлнәр Сүлейменова сот жабық өтіп жатқанын айтып, үсінік беруден бас тартты. Процесс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 қаңтарда басталған. Іске судья Айжан Құлбаева төрағалық етіп жатыр. Сот үкімі 3 ақпанда сағат 17.00-де оқылады.