Прокурорлар Жетісудағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексерді. Нәтижесінде Панфилов ауданында инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жердің дұрыс пайдаланылмағанын анықтады. Прокурорлардың айтуынша, бұл аумаққа салынуы тиіс нысандардың әлі күнге дейін бірде-бір кірпіші қаланбаған. Прокурорлық қадағалау бойынша Панфилов ауданында инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді қоғамдық мақсатта пайдаланылмақ. Көпшілік шағымданған соң, прокурорлар