Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді. Елорда әуежайында Ресей басшысын премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды. Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6-шы саммиті өтеді. Бұл халықаралық форумға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті мен Қытай вице-президенті қатысады. Саммит барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен