Владимир Путин ОАР-дағы БРИКС саммитіне келмейді, деп хабарлады Оңтүстік Африка Республикасы президентінің әкімшілігі. Владимир Путин Йоханнесбургте өтетін БРИКС саммитіне бармайтын болып, оның орнына саммитке Ресей мемлекетінің атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады, делінеді ОАР президенті кеңсесінің хабарламасында. Бұл жиынға Қытай, Бразилия және Үндістан басшылары қатысады. Саммит 22-24 тамызда ОАР астанасында өтеді.