Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыс етті деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz.-ке сілтеме жасап. Аталмыш құжат Ресей қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған екен. Құжат бойынша ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Алайда бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілмеді. Кемел Тоқаев Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Бұрын белгілі болғандай, гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапаттау парағы желіге тарап кетті. Кемел Тоқаев 1942 жылы майданға шақырылып, көп ұзамай 226-атқыштар дивизиясында отряд командирі болды. Жараланған соң 7-гвардиялық танк полкінде қызмет етті. Кемел Тоқаев “Солдат соғысқа аттанды” атты кітабында майданда шайқасқандардың қасіреті мен […]
Жаңалықтар





































