Бір күн бұрын Путинді қолдағаны үшін депутат Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығып қалған еді. Бүгін депутаттық мандатынан айырылды. Мұндай шешімді орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясының өтінішін қанағаттандырып, қабылдады. Оған экс-депутаттың Путин, Украинадағы соғысқа қатысты Азаттыққа берген пікірі себеп болды.