Жоқ. Оның ешқандай жоспары жоқ. Оның бар сенетіні – түк істемей, мына жағдай өзі бірдеңе қылып реттелер деген үміт. Ресей армиясы Украинада қырылып жатыр. Не мобилизация жүргізіп отырған, не әскерін соғыстан әкетіп жатқан Путин жоқ. Кеше ғана Мәскеуді ала жаздаған Пригожин «Газель» толы ақшасын кері қайтарып, еркіндікте жүр. Не боп жатыр, не болады – белгісіз.