Егеменді Қазақстан қандай болуы керек? Бірінші бөлімде қазақ саясаткері Ғалымжан Жақиянов Путин кеткен соң Қазақстанның нағыз егеменді ел болуына мүмкіндік туады деп жазған еді. Осы орайда ұлттық егемендік деген ұғымды нақтылап алсақ. Егеменді мемлекет – ол өз жолын өзі таңдайтын ел. Қазақстан қандай болуы керек? Бұл жайында біртұтас пікір жоқ және болуы да мүмкін емес.