Көкшетауда Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдіктілер анықталып, қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. Ақпаратты Ақмола облысы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің баспасөз қызметі растады. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. «Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Көкшетау қалалық …