Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препаратты синтездеп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болды