Қазір Киев және өзге қалалар қосалқы генераторларға мұқтаж. Соны ескерген әлемнің өркениетті елдері Украина халқына генераторлар жолдап жатыр. Бұл санатта Қазақстан да бар. Қазақстан Украинаға 41 дана генератор жолдаған. Жалпы Украинаға 2022 жылы гуманитарлық көмек ретінде берілген генераторлардың саны 354 мыңнан асқан. Бұл күні-түні гүрсілдеген оқ пен оттың ортасында өмір сүріп жатқан Украина халқының жағдайы.