Референдумның нәтижесі ұлтымыз үлкен өзгерістерге дайын екенін көрсетіп берді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты деп хабарлады turkystan.kz. «5 маусым күні елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Бұл ел тарихындағы ең маңызды әрі шешуші оқиғалардың бірі болғаны сөзсіз. Референдумға қатысқан азаматтарымыздың басым бөлігі Конституцияға ұсынылған түзетулерді қолдап, дауыс берді. Осылайша, Қазақстан халқы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың …