Бұл – менің алғашқы референдумым. 1995 жылы өткен референдумды оқығаным болмаса, қатысқаным жоқ. Ол кезде тәй-тәй басып жүрген бала едік. Ал енді осы жолғы референдумға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Алдымен өзімнің тұрғылықты жерімдегі №117 учаскіде дауыс беріп қайттым. Сол жерде дауыс беруге келген ерлі-зайыпты зейнеткер ата-әжені көрдім. Қарт әжей жүріп-тұруы қиындау екен. Қолында […]