Өте маңызды оқиға болып жатыр. Ресейде жарияланған мобилизациядан кейін көшелерге әйелдер шықты. Якутск, Дагестан, Ресейдің көптеген қалаларындағы радикалды ереуілдің кейіпі әйел екені анық байқалады. Иә, Путиннің космонавт сияқты киініп алған қара жендеттеріне қарсы студент қыздардан бастап кемпірлер көтерілді. Елде орнаған сұмырай самодержавиенің шашын жұлып, қолына ұстатпақ олар. Әйелдер жаппай көтерілген революция қашан да дегеніне жетеді.