Алматылық дәрігерлер өтуі жарылуға шақ қалған науқасты аман алып қалды. Дәрігерлер 62 жастағы тұрғынның өтіне жиналған 1730 астам тасты алып шықты. Алматы қаласының №7 клиникалық ауруханасына пациент шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету шағымдарымен түскен. Пациенттің айтуынша, бұрын тексеруден өтпеген. Өттің тас ауруы, жіті калькулозды холецистит деген