2026 жылы Ресейге кем дегенде 40 мың үндістандық еңбек мигранты келуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің халықаралық ұйымдармен тұрақты даму саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Борис Титов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Үндістанмен ынтымақтастық Ресейдегі жұмыс күші тапшылығын ішінара толтыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.