Ресейлік генерал-майор Иван Попов даулы үндеу жасады. Поповтың қоластындағыларға жіберген аудиосын бұрын 58-армияны басқарған Мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев Telegram-арнасында жариялаған. Үндеуде РФ Запорожье майданындағы бөлімшелерінің қолбасшысы шындықты айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтады. Ол басшыларға баяндамасында жағдайды боямасыз жеткізіп, Ресей армиясындағы жауынгерлік жұмыс пен қамтамасыз ету бойынша мәселелер барын айтқан. «Жоғары басшылықпен жағдай шиеленісіп кетті…