Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникацияларды қадағалау қызметі (Роскомнадзор) қазақстандық «Власть» сайтынан Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы жаңалықтарды сайттан алып тастауды талап етті. Талапты орындаудан бас тартса, ресурсты Ресей аумағында бұғаттайтынын мәлімдеген. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады. Роскомнадзор Украинаның Винница қаласында ондаған адамның өмірін қиған ресейлік зымырандардың атқылауы және Украинаның Мариуполь қаласындағы бейбіт тұрғындардың қаза қазасы туралы